Мағжан Жұмабаевтің өмірі мен шығармашылығы (Курстық жұмыс)

Курсовые работы
01.12.2012 16:10

Кіріспе
1 Бөлім. Мағжан Жұмабаевтің өмірі мен шығармашылығы
1.1 Мағжан Жұмабаевтың өмірі
1.2 Мағжан Жұмабаевтың  шығармашылығы
2 Бөлім. Мағжан Жұмабаевтің педагогикалық көзқарастар
2.1  Жұмабаевтің педагогикасы
2.2  Жұмабаевтің педагогикалық идеяларының маңызы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Қосымшалар

 


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған казақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады.

1.1  Мағжан Жұмабаевтың өмірі
«Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген. Абай да сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жа-сауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әде¬биетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ», - деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы «Мағ¬жан¬ның ақындығы туралы» деген мақаласында.

1.2 Мағжан Жұмабаевтың  шығармашылығы
XVIII ғасыр қазақ халқының қиын-қыстау заманы болды. Жоңғар, қалмақтың жан-жақтан қыспағы елді қатты күйзеліске ұшыратты. 1723 жылғы қайғылы да қасіретті «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» оқиғасы елдің еңсесіне батты. Қазақ елі бытыраңқылыққа ұшырады. Осы кезде халықтың басын қосып, қасына батырларды жинаған ер Абылайды айтпай кетуге болмайды. Жастайынан Төле бидің қолында өскен Сабалақ жорықтарға қатысып, ерлігінің арқасында елдің айбатты арыстанына айналды. Елжіреген жұрттың қамын ойлап, халықты ауызбіршілікке шақырып, елдің еңсесін көтерді.

2.1  Жұмабаевтің педагогикасы
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926),  “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме   ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады.

2.2 Жұмабаевтің педагогикалық идеяларының маңызы
Бүгінгі білім беру парадигмасы тұрғысынан қарастырсақ, М.Жұмабаев  педагогикалық идеяларының маңызы, өзектілігі соңда: оны біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялаумен тығыз байланыста қарастыруға болады. Сондықтан да М.Жұмабаев  педагогикалық идеяларын мазмұндық негіз ете отырып және бірқатар ғалымдардың қазіргі біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялау шарттарына (Б.Әлмұханбетов, К.Қожахметова, М.Көпжасарова, А.Жайтапова, Ж.Қараев, Ж.Кобдикова, К.Құдайбергенова, т.б.) сүйене отырып және тындаушылардың біліктілігін арттыруға қолайлы дамытушы орта жасау мақсатында біліктілікті арттыру курсының құрылымына өзгеріс енгізу уақыт қажеттілігі деп түсінеміз. Қазіргі таңда білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістерге сай өз біліктілігін жетілдіру, әсіресе, ұлттық педагогикалық ой-пікір аясында білім көтеру мүмкіңдігіне зәру болып отырған уақытта бұл - заман талабынан туындаған қажеттілік. Ендеше курс барысында мынадай міндеттерді шешуге баса назар аудару қажет.

Қорытынды.
Поэмалардың өне бойындағы шиеленіскен тартысты, кейіпкерлердің көңіл күйін, іс-әрекетін, мінез-табиғатын Мағжан айрықша шабытпен жырлайды. Кейіпкер бойындағы бірбет қайсарлықты, асаулықты, сондай-ақ ниетінің ақтығын, жанының тазалығын қатар сипаттау арқылы ақын шығарманың ішкі драматизмін шарықтау шегіне жеткізеді. Оқиғаны баяндау барысында тау мен суды, күн мен аспанды, табиғат құбылыстарын кейіпкерлерінің көңіл күйімен, қалмақ кызының сұлулығымен астастыра отырып, поэмадағы әр түрлі характерлер кақтығысын ширата бейнелейді. Сонымен қатар, ақынның шеберлігі, өлең өрімі, сөз көркемдігі, образды суреттеу, романтикалық асқақтық тәрізді қасиеттер де поэмада кеңінен көрінеді.

 


 
free pokereverest poker revie

Контакты

Если вы хотите купить работу:

8 775 3333 7 91

8 771 431 61 31

Рефераты - 500

Курсовые - 2000

Дипломные - 5000



Яндекс.Метрика